Белоруссияда шұжық шыршасы пайда болды
Гродно қаласының тұрғындары металл, қағаз, ағаш және өзге де заттармен ағаштарды әрлеп қойған
Жилибера саябағында 40-тан астам шырша құрылды. Тұрғындардың фантазиясына ерік беріліп, өздеріне әрлеуге мүмкіндік ұсынды, деп жазады МИР24 сайты.
Ал қалалық ет комбинаты ең ерекше етіп әрлеген. Олар шыршаға шұжық өнімдерін ілген. Сонымен қатар, жергілікті автобус паркі де ерекше көзге түсті. Олар шыршаны дөңгелек қабымен әсемдеген.
Тұрғындарға ойыншық орнына шыршаға ескі грампластинкалар ілген музыкалық колледждің идеясы да ұнады.