Жолды жабуға себеп болған сөмке қауіпті ішінен ештеңе шыққан жоқ
Таңертең Өскемен қаласындағы Протозанов көшесінде қозғалыс тоқтатылған. Полиция қызметкерлері Үлбі көпірін де жауып тастаған
Облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлағандай, сөмке ішінен қауіпсіз зат табылған.
Естеріңізге сала кетейік, таңертең жұмысқа бара жатқан өскемендіктер Протозанов көшесі мен сол бағыттағы Үлбі көпірі жабық тұрғандықтан айналып өтуге мәжбүр болған. Өскемен қалалық Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, "102" арнасына күдікті сөмке табылғандығы туралы хабар түскен. Протозанов, 5 мекенжайындағы көпқабатты үйдің подъезінде терезе алдына біреулер сөмке қалдырып кеткен.