Ресейде бала қайтыс болған анасымен бес күн бойы жалғыз қалған
Удмуртияның әлеуметтік қызметі мүгедек жас анасының қайтыс болуынан кейін жалғыз басты аналардың пәтерлерін тексеруді бастады
Ижевск қаласындағы пәтерлердің бірінен анасы бес күн бұрын пневмониядан қайтыс болғанда, оның қасында жалғыз қалған екі жасар баланы тапқан, деп хабарлайды РИА Новости сайты. Құтқарушылар есікті сындырып, кішкентай баланы аман алып қалды.
Өңір басшысы тұрғындардан егер көршіңіздің баласы тоқтаусыз жылап жатқанын естісеңіз, оның себебін біліп, егер көмек керек болса құтқарушыларды шақыруды сұрайды.
Следующая →
Өңір басшысы тұрғындардан егер көршіңіздің баласы тоқтаусыз жылап жатқанын естісеңіз, оның себебін біліп, егер көмек керек болса құтқарушыларды шақыруды сұрайды.
- Біз бір-бірімізге бей-жай қарамайық. Біреудің өмірін құтқарып қалуыңыз мүмкін. Бүгін біз үлгердік, бірақ ертең бәрі басқаша болуы мүмкін, - деді Удмуртия басшысы.