Ресейде 300 миллион жыл бұрын өмір сүрген жыртқыштың сүйектері табылды
Тарихқа дейінгі су тіршілігінің жақтары Волгоград астындағы көмір шахтасынан анықталған
Сарапшылардың айтуынша, жануардың тістерінің өте ерекше құрылымы бар. Олар шиыршыққа бұрылады, деп хабарлайды МИР 24 сайты.
Одан әрі зерттеу нәтижесінде табылған жақ геликоприонға тиесілі екендігі анықталды. Ол балық түрі болжаммен қазіргі акулалардың арғы тегі болып табылады.
Геликоприон динозаврлар болмаған кезде, 270 миллион жыл бұрын планетада өмір сүрген. Бұл балықтарды алғаш рет орыс ғалымы Александр Карпинский 1899 жылы сипаттаған.