Дәрігерлер шағымынан кейін Павлодарға комиссия жіберіледі
Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы кардиологиялық орталықтың қалалық ауруханамен қосылуының орынсыздығы туралы дәрігерлердің шағымынан кейін Павлодарға барады
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов мәлім етті.
- Біз осы жағдайды міндетті түрде талқылаймыз. Келесі аптада Денсаулық сақтау министрлігінің комиссиясы оқиға орнына шығады. Бірақ бірден айтқым келеді - біз пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасы мен технологиялық деңгейінің төмендеуіне жол бермейміз! Сондай-ақ ешбір медицина қызметкері қысым көрмейді! - деп жазды Биртанов өзінің Facebook-тегі парақшасында дәрігерлердің шағымдары туралы жарияланымға түсініктеме бере отырып.
Бірқатар БАҚ-тың хабарлауынша, өткен аптада павлодарлық кардио дәрігерлер денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа Облыстың кардиологиялық орталығының мәртебесін сақтау туралы өтініш жазды.
Дәрігерлердің айтуынша, кардиоорталық N3 қалалық аурухананың қарапайым бөлімшесі болуы тиіс деген шешімді Павлодар облысының Денсаулық сақтау басқармасы қабылдады.