Трамп тұрғылықты тіркеу орнын ауыстырмақ
Нью-Йорктың байырғы тұрғыны болса да АҚШ Президенті биылдан бастап тұрғылықты мекенжайын Флорида штатының оңтүстігіне ауыстырмақ
Енді ол Мар-а-Лагодағы өз иелегінде тіркеуде тұр, деп жазады МИР24 сайты.
- Нью-Йоркпен мәңгі біргемін. Бірақ әр жыл сайын миллиондап қалалық, мемлекеттік және жергілікті салықты төлеп тұрғаныммен, қалалық және штаттың да саяси көшбасшылары менімен қырғи қабақ. Маған бұл ұнамайды..., - деп мәлімдеді ол өзінің Twitter-дегі парақшасында.
Бұған дейін Трамп Манхэттеннің Бесінші авенюіндегі Трамп-тауэрдегі зәулім үйінде тіркеуде тұрған. Сарапшылар мекенжайды ауыстыруға басты себеп салық екенін айтады. Сонымен қатар, Флорида егде жастағылар үшін қолайлы климатымен ерекшеленеді.