Instagram-да бөлек мессенджер пайда болды
Instagram желісін қолданушылар үшін компания хат алмасатын бөлек қосымша ойлап тапты
Жаңа қосымшаны Facebook компаниясының қызметкерлері көрсетті.
Жаңа мессенджер Threads деп аталады және оның көмегімен желі қолданушылары өзінің Instagram-ындағы достарымен хат алмаса алады. Хат қана емес, фото және видео жіберуге болады.
Оның үстіне мессенджер қолданушының қайда жүргенін де хабарлай алады.
Айта кету керек, Threads-ті қосымша жүктеп алу қажет. Ал Instagram Direct бұрынғыдай қызмет ете береді.
Біздің Telegram арнамыздағы ең маңызды нәрселер
Тақырыптар:
Мессенджер для Instagram Социальная сеть Instagram Мессенджер Threads