Өскемен
малооблачно
-13°
  • Өскемен
    -13°
  • Алматы
    +2°
  • Астана
    -6°
  • Ақтөбе
    -2°
  • Актау
    +8°
  • Орал
    +1°
  • Қарағанды
    -3°
  • Көкшетау
    -9°
  • Қостанай
    -7°
  • Қызылорда
    +2°
  • Павлодар
    -11°
  • Петропавловск
    -9°
  • Тараз
    -3°
  • Туркестан
    +1°
  • Шымкент
    +3°
$
498.34
519.72
¥
68.79
4.85
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Анна Коцарева
Ақпарат көзі:
Устинка

Тұрғын үй маңына ЖҚС салуға рұқсат берген шенеунік жазаланады

Үйлерінің жанынан жанармау құю бекеті салынып жатқанына наразы тұрғындар әкімнің қабылдауында болды

ШҚО әкімі Даниал Ахметов тұрғындардың көзқарасын дәлелдеп жүрген заңгерді де тыңдады. Ал заңгер болса, құрылыс нысанын салу кезінде нақты қандай заңдар бұзылғанын айтып берді.

- Құжат бойынша бұнда бастапқыда тұрғын үй салынуы керек болатын. Бірақ кейін жоспар өзгеріп кеткен, - дейді ол. - 2015 жылғы Санитарлық-эпидемиологиялық сараптама нәтижесінде бұл учаске блок-контейнер типті жанармай құю стансасын салуға берілгені жазылған. Санитарлы қорғаныс аймағының көлемі 50 метр. Бірақ қазір үй маңынан стационар типті станса салынып жатыр. Ол тұрғын үйден аз дегенде 100 метр алшақ орналасуы керек. Яғни, санитарлы қорғаныс аймағы ережелері бұзылып отыр.

Даниал Ахметов те бірнеше заңбұзушылықты байқаған. Оның бірі – аса қауіпті нысан салынатындығы туралы тұрғындар бейхабар.

- Біз бұл факті бойынша тексеріс бастадық, - дейді облыс әкімі. - Құрылысты жүргізуге рұқсат ететін құжаттарға қол қойған басшылар жауапқа тартылады. Керек болса, қылмыстық жауапқа да тартылады. Егер Табиғат ресурстарын пайдалану басқармасы мен Тауар, көрсетілетін қызметтер сапаны мен қауіпсіздігін бақылау департаменті мердігер компанияға бұндай құрылыстың ҚР Заңына қайшы екенін ескертсе, кәсіпкер осынша шығынға батпас еді немесе құрылысты заң аясында жүзеге асырар еді. Біз терең заңгерлік талдау жасаймыз. Шешімді де өздеріңіздің қатысуларыңызбен қабылдаймыз.



Следующая →