Мысырда ғибадатхананың қирандылары, кемелер мен құнды артефактілер табылды
Табылған зат бір кездері Нилдің Батыс жеңінің сағасында орналасқан Гераклион қаласының аумағында "Египет Атлантидасында" табылды
VIII ғасырдың соңында Гераклион жер сілкінісі мен цунами салдарынан қирап, нәтижесінде қала толығымен су астында қалды, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Бұған дейін 2000 жылы қаланың қалдықтары Абу-Кир шығанағындағы түбінен табылды. Зерттеулер әлі де жалғасуда. Жақында дайверлер Геркалионның бас ғибадатханасының жаңа бөлігін тапты.
Олжалардың ішінде қола тиындар мен зергерлік бұйымдар да болды.
Соңғы 15 жылда археологтар 64 кеме, 700 зәкір, алтын монеталар қазынасын, биіктігі бес метрге дейін жететін мүсіндерді және Амон-Гереб құдайының үлкен храмының руиналарын тапты.