Риддер қаласының басты көшелерінің бірінде үлкен шұңқыр пайда болды
Асфальттағы шұңқырды бірнеше жылдан бері түсініксіз себептермен жамау мүмкін емес болып отыр
Риддер қаласында "Алтай" түнгі клубы маңында Свердлов көшесінде авто және велосипед жүргізушілерін коммуналдық қызметтердің коммуникациялары өтетін құдыққа ұқсас шұңқыр мазалауда, деп хабарлайды Устинка LIVE тілшісі.
Бұл "қапқанға" көлік құралының дөңгелегі тап болады. Шұңқырдың тереңдігінен жанында жаяу жүргіншілер аймағы барына қарамастан қала тұрғындары жиі зардап шегеді. Әсіресе, бұндай жағдайлар қыс уақытында, жолды қар басып қалған кезде орын алады.
Шұңқырдың пайда болғанына бірнеше жыл болды. Осы жерде мынадай сұрақ туындайды: "Коммуналдық қызметтерге жол төсемін жөндеуге уақыт келген жоқ па?".
- Бұл мәселе - Свердлов көшесіндегі нөсер құдықтарының бірінде люктің болмауы бізге белгілі, - деп ТКШ бөлімінің бас маманы Нұрсұлтан Көкозов біздің сауалымызға түсініктеме берді. - Сонымен қатар, осы объект бекітілген "Водоканалға" жақын арада аталған кемшілікті жою туралы нұсқама берілді. Жұмыстың мерзімі мен сапасын қадағалайтын боламыз.