Аягөз қаласында ашулы әйел көршісін соққыға жықты
Оқиға 19 шілде күні Подгорная көшесіндегі жер үйлердің бірінде орын алған
Араға 4 күн салып, 23 шілде Аягөз аудандық полиция бөлімінде адам денсаулығына қасақана ауыр зиян келтіру фактісі тіркелген.
Полиция бөлімінің хабарлауынша, 55 жастағы ер адам дене жарақатын алып, аудандық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.
Тергеу жұмысы барысында тәртіп сақшылары жанжал кезінде жәбірленушіні көршісінің ағаш таяқпен ұрғандығын анықтаған.
- Әйел қылмысын толық мойындады. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 106-бабы денсаулыққа қасқана ауыр зиян келтіру бөлімі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде, - деп хабарлайды ШҚО ПД баспасөз қызметі.
Аталған бап жауапкерді үш жылдан жеті жылға дейін бас бостандығын шектеуді немесе сол мерзімге бас бостандығынан айыруды көздейді.