Бейжіңде қария ақымақтықпен немересін өлтіріп алды
Шақалақтың дүние есігін ашқанына бір ай болған уақытта отбасы атап өтпек болып, дастархан жайған. Көңілді отырыста қызық көргендер сәбиге ішімдік берген
Осындай ессіз әрекетке қонақтардың бірінің орынсыз қалжыңы себеп болған, деп жазады МИР24 сайты.
Нәрестенің әкесі тілек айтып тұрып "Атасы немересінсіз іше алмайды" деп айтып қалған.
Ал атасы өз стақанын немересінің аузына тосып, ішімдіктен ұрттатып жібереді. Жарты сағаттан кейін сәбидің жүрегі тоқтап қалады.
Жансақтау бөліміне жеткізілсе де, дәрігерлер нәрестенің өміріне араша түсе алмады. Кейін сот-медициналық сараптама анықтағандай, бала алкогольдік ішімдіктен уланып қалған.