Атырауда ер адамнан 30-дан астам ұрланған зергерлік бұйымдар тәркіленді
Сондай-ақ, қаскүнемде ұрланған ноутбук, ойын приставкалары, мерейтойлық монеталар, тіпті, құрылыс құралдары болды
Қазіргі уақытта Атырау полициясы ұрланған заттардың суреттерін әлеуметтік желілерге жүктеп, олардың иелерін іздестіруде, деп хабарлайды Tengrinews.kz сайты.
Ұры қаланың 35 жастағв тұрғыны болып шықты. Мүлікті тану жағдайында азаматтар №2 қалалық полиция бөліміне немесе 102 нөміріне қоңырау шалу қажет.
Ұрланған заттарды алу үшін тәртіп сақшылары иелеріне тиісті құжаттарын алып жүруді ұсынады.
Сондай-ақ, полицияда хабарлағандай, жыл басынан бері Атырауда 123 ұрлық ашылды. Оның ішінде 31 ұрлық - ауыр дәрежеде.