Қытайдағы су тасқынынан ондаған адам қаза тапқан
Өткен айда басталған нөсер әлі күнге дейін тоқтамай, 5,3 млн халықтың тағдырына қауіп төніп тұр
Қазіргі уақытта 60 адам қаза тауып, 14-іне іздеу жарияланған, деп хабарлайды РИА Новости сайты. Қытайдың оңтүстік және шығысындағы сегіз аудандарында нөсер толассыз жауып тұр.
Ауыл шаруашылық алқабы да зардап шегіп отыр. 400 га егістік ойран болып, 9,3 мың құрылыс нысаны қираған. Нөсер салдарынан экономикаға 2 млрд доллар шығын келген.