ШҚО-да "Ойын автоматтарынсыз" атты ірі акция бастау алды
Шығыс Қазақстан облыстық Экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері дүкен, сауда үйлері, кафе-бар мен өзге ойын аппараттары тұруы мүмкін нысандарды тексеріп жатыр
Екі апта ішінде 130 нысан тексерілген. Қызметкерлер ойын аппараттарын өз нысандарының ішіне қоюға рұқсат берген кәсіпкерлерге айыппұл салынатынын еске салып, заң талаптарын сақтауға шақырды.
- Соңғы жылдары облыста заңсыз жұмыс істеп келген 30-дан астам ойынхана анықталған, - дейді департаменттің қызметкерлері. - Сотқа 22 іс жолданып, айыптыларға түрлі жаза тағайындалды. Көлеңкелі бизнестен 200 ойын аппараты мен 20 млн теңге тәркіленді.
Сонымен қатар, дүкен немесе басқа да орындардан ойын автоматтарын көрген тұрғындардың 8(7232)24-06-05 телефон нөмірі арқылы хабарлауына болатындығын еске салды.