Жалақысы төмен адамдар байлардан да жақсы демалады
Іскерлік байланыстарды қалыптастыру және іздеу үшін құрылған американдық компания осындай шешімге келген
Бұл компания – бизнестің 150 саласының 500 млн қолданушысын жинаған әлеуметтік желі, деп жазады Новости РАА сайты.
Осылайша зерттеушілер елде еңбекақысы орташа көрсеткіштен асатында еңбек демалысы кезінде де күніне бес рет жұмысына көңіл бөлуге мәжбүр екенін анықтаған. Ал еңбекақысы төмен қызметкерлер демалыстарын толыққанды өткізеді.
Зерттеу нәтижесіне сүйенсек, қызметкерлердің 60%-ы күніне кемінде 1 рет поштаны тексеріп, әріптестерімен хабарласатын көрінеді.