Бір ай ішінде сегіз пәтерді тонап кеткен
Үш азамат тұрғындардың пәтеріне пластик терезенің желкөзі арқылы кіріп, бір миллион теңгенің мүлкін жымқырып кеткен
Полицейлер пәтерлерді тонап жүрген күдіктілер мен олардың 21 жастағы басшыларын да қолға түсірді.
- Осы факті бойыша күдіктілерден ұрланған заттардың кейбірі дәлел ретінде тәркіленген, - деп түсіндірді қалалық Полиция басқармасының басшысы Даур Ибраев.
Қазіргі таңда тергеу жүріп жатыр. Ал күдіктілер қамауға алынды.
Полиция басқармасының баспасөз қызметі хабарлағандай, полицейлер тексеріс жұмыстарын жүргізіп, күдіктілердің ағ басқа да осы сынды қылмыстарға қатысы бар-жоғын анықтап жатыр.