Семейлікті жұмысқа орналастырып бермек болып алдап кеткен ер адам ұсталды
Құрылыс фирмасына жұмысқа орналаспақ болған тұрғын танымайтын адамына 300 мың теңге беріп жіберген
Ал сол беті жұмысқа орналаса алмаған 27 жастағы тұрғын алданып қалғанын біліп, полицияға жүгінген, деп хабарлайды Устинка LIVE.
Іздестіру барысында тәртіп сақшыларға оқиғаға қатысы бар 39 жастағы Семей тұрғынын ұстады.
- Ұсталған күдікті қылмысын мойындап отыр. "Алаяқтық" бойынша қылмыстық тергеу амалдары басталды, - деп хабарлайды ШҚО ПБ баспасөз қызметі.