Ресейде нейромобиль жасап шығарды
Төменгі Новгород университетінің инженерлерінің арқасында бұдан былай мүмкіндігі шектеулі жандар да машина жүргізе алады
Техниканы басқару ми мен мимика арқылы жүзеге асырылады, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Көптеген сенсорлардың көмегімен нейромобиль ми белсенділігін, көздің, қол мен аяқтың, тіпті, тіл қозғалысын оқиды, деп атап көрсетіледі.
Датчиктерден алынған барлық ақпарат арнайы экранда көрсетіледі.
Сондай-ақ, бұл техниканы басқару үшін арнайы костюм қажет. Жоспар бойынша сатылымға 2022 жылы шығарылады.