Өскемен
малооблачно
+14°
  • Өскемен
    +14°
  • Алматы
    +19°
  • Астана
    +12°
  • Ақтөбе
    +14°
  • Актау
    +18°
  • Орал
    +17°
  • Қарағанды
    +14°
  • Көкшетау
    +10°
  • Қостанай
    +11°
  • Қызылорда
    +28°
  • Павлодар
    +8°
  • Петропавловск
    +10°
  • Тараз
    +19°
  • Туркестан
    +5°
  • Шымкент
    +20°
$
444.14
+0.77
477.05
+2.56
¥
61.34
+0.10
4.85
+0.02
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Қазақстан Қазақстан Алексей Сафонов
Ақпарат көзі:
Устинка

Нұр-Сұлтанда митингтерге қарсы митинг өтті

Қазақстан үкіметінің партиясы елдегі бейбітшілікті бұзатын митингілерге қарсы митинг өткізді. Ұйымдастырушылардың айтуынша, оған 1,5 мың адам қатысқан

"Нұр Отан" партиясы жексенбі күні Нұр-Сұлтанда бейбіт митинг өткізді.

- Бүгін нұротандықтар Қазақстандағы бейбітшілікті бұзу және арандатушылық мақсатындағы митингілерге қарсы митинг өткізді. "Жерұйық" саябағына 1500-дей адам жиналып, еліміздегі тыныштықты бұзуға тырысқандардың әрекеті жайлы сөз қозғады, - делінген партияның сайтында.

Оған партия мүшелері, парламент депутаттары, танымал қоғам қайраткерлері және тұрғындар қатысқан.

- Еліміз бар, жұртымыз бар, шекарамыз бар. Баукең "Біз еліміздің құлымыз, ел иесі өз елінің құлы болса, басқа елдің құлы болмайды" деген. Тәуелсіздікке жеттік. Біз тәуелсіздігімізді ешкімге бермейміз. Соғысты болдырмау мақсатымыз. Біз отанымызды қорғаймыз. Бізотанымызға кір келтірмейміз. Бізге қарай ит боп үргендер абай болсын, сақтансын. Болашағымыз бар. Тыныштықты ешкім бұзбау керек және бұздырмаймыз, - деді Ауған соғысы ардагері, Қазақстанның халық қаһарманы Бақытжан Ертаев.

Мәжілісмен Павел Казанцев барлық прогрессивті күш деструктивті сәттерге қарсы бірігуі тиіс екенін айтты.

- Көптеген қазақстандықта қайсысы шындық, қайсысы өтірік, қоғамдық келісім қайда екені туралы сұрақтар туындап жатыр. Әрбіріміз болып жатқан жағдайға алаңдаймыз. Шынында елде не боп жатыр. Арнайы технологиялар қоғамға әсер еткісі келеді. Біз мұны Ливия, Сирия, Египет, Қырғызстан, Украинадан көріп отырмыз. Бұл технология ол елдерге не әкеледі? Гүлденді ме? Жоқ. Азаматтардың өмір сүру сапасы жақсарды ма? Жоқ. Бір де бір елде жақсару болмады. Есесіне біз хаосты, экономика деңгейі мен азаматтардың тұрмыс сапасының жақсарғанын көрмедік. Біз осыны қалаймыз ба? Қазақстан осыны қалай ма? Проблемалық сұрақтарға спекуляция болып жатыр. Барлық прогрессивті күштер деструктивті сәттерге қарсы бірігуі тиіс,- деді депутат.

Шара соңында Алтынай Жорабаева ән шырқады. Бейбіт митинг бейбіт аяқталып, халық тарқасты.

Следующая →