Норвегия аралдарының бірінде уақыт шегерілуі мүмкін
Соммари аралының тұрғындары поляр күні орнаған сайын уақытты шегеруді ұсынып отыр
Бұл аралдағы поляр күні 18 мамырдан бастап 26 шілдеге дейін жалғаспақ. Ал арал тұрғындары осы екі ай бойы "сағатсыз" жүруді қалайды. Себебі поляр күндері түнді көрмейтін тұрғындар үшін сағат тілі мен уақыты белгісі мүлдем қажет емес.
- Түнгі сағат екіде балалар далада футбол ойнап жүруі мүмкін, ал ересектер жұмыс жасап, жасөспірімдер суға шомылып жүреді, - дейді арал тұрғындары.
Енді арал халқы үкіметке поляр күндері сағатқа бағынбай-ақ өмір сүруді әрі уақытты алып тастауды ұсынып отыр.
Егер ұсыныс мақұлданатын болса, онда арал тұрғындары жұмыс пен мектепке ыңғайлы уақытта баратын болады.
Бұл аралда 300-ден аса адам тұрады, көбінесе, балық аулаумен, туризммен айналысады.