Нидерландыда 17 жастағы жасөспірімге қол жұмсауға рұқсат берілді
Жасөспірім күйзелістің ауыр түріне шалдыққандықтан, дәрігерлер оған эвтаназия жасауға рұқсат берген
Нидерландыда Ноа Потховен есімді 17 жастағы қыз эвтаназия жасатамын деп өзі шешкен, деп хабарлайды Lenta.ru.
Жасөспірімнің өзі 11 және 14 жасында жыныстық зорлық-зомбылыққа тап болып, күрделі күйзеліске шалдыққан. Ал бұл елде 17 жастан бастап эвтаназия жасауға рұқсат берілген.
Рұқсат тек дәрігердің шешімінен кейін ғана беріледі. Ал дәрігерлер жасөспірімнің психологиялық дертін емделуге келмейді деп, оған 17 жасқа толған соң, екі күннен кейін өлім инъекциясын жасатуға рұқсат берген.
Ал Наоның ата-анасы бұдан мүлдем бейхабар боп шықты. Қоштасу хатын жазып бөлмесіне тастап кеткен екен.
Голландияның заңы бойынша, балаларға 12 жастан бастап эвтаназия жасауға рұқсат берілген. Ал 2017 жылы 6,5 мың адам эвтаназия жасату арқылы көз жұмған. Бұл елдегі бүкіл өлімнің 4,5%-ын құрайды.