Дүниежүзілік банк Ресей экономикалық өсімінің рекордттық деңгейге жеткенін хабарлады
Дүниежүзілік банк 2018 жылғы әлемдік экономиканың өсіміне талдау жасап, зерттеу нәтижелерін ұсынды
Зерттеу деректеріне көз жүгіртсек, 2018 жылы Ресейдің экономикасы 2,3%-ға өскен екен, бұл алты жылдың ішінде қол жеткізген рекордттық көрсеткіш, деп хабарлайды Новости РАА.
Көрші елдің экономикасының өсуіне, ең алдымен, әлемдік нарықта мұнай бағасының өсуі мен мұнай экспортының көтерілуі себеп болған. Өсімге себеп болған тағы бір жағдай – ол әлемдік футбол чемпионатын өткізу мен содан түскен қаржының көптігі.
Алайда Ресейдің экономикалық өсімі санкцияға да, әлемдік нарыққа да еш әсер ете алмайтындығы айтылуда.
Одан бөлек, Дүниежүзілік банк Ресейдің биылғы жылғы экономикалық өсіміне болжам жасап, өсім көрсеткіші 1,4%-дан 1,2%-ға дейін төмендейтінін айтып отыр.
Сондай-ақ, АҚШ-тың да экономикасы төмендеуі мүмкін, болжам бойынша ол 3%-дан 2,6%-ға дейін төмендейді.