Қытай азаматы сүйіктісін қолына көтеріп, қолын сындырды
Мереке кезінде Қытай тұрғыны өз қызын қолына көтермек болып, қолын сындырып алды
Жас жұп ресми емес Қытай мерекесін - Ғашықтар күнін атап өткен, деп хабарлайды МИР24. 20 жастағы жас жігіт 65 келі салмақтағы өз сүйіктісін қолына көтеріп алмақ болған. Әрекет жігіт үшін сәтсіз болып, ол қолын сындырып алған. Қызын көтеріп жатқан кезде жас жігіт оң қолы жағында қатты ауырсыну сезген.
Қытайлық азамат ауруханаға медициналық көмек сұрап келген. Жігіт алған жарақат операциялық араласуды талап еткен. Медицина қызметкерлерінің хабарлауынша, жас ер адам дене дайындығы нашар болғандықтан жарақат алған.