Қазақстандық бітімгерлер Ливандағы марафонда жеңіске жетті
Ливан Республикасының Накура қаласында 10 метрлік қашықтықты кесіп өту марафоны өтті
Марафонға UNIFIL бітімгершілік миссиясына кіретін 42 елдің 900-ға жуық әскери қызметшісі қатысты, деп Қорғаныс министрлігінің ресми сайты хабарлады.
Ливанда өткен марафонның қорытындысы бойынша жалпы командалық бірінші орынды қазақстандық команда иеленді. Қазақстандық бітімгерлер жарысқа қатысушылар арасында үздік нәтиже көрсетті.
Қазақстандық әскери қызметшілердің кәсіби спортшылар еместігі атап өтілуде. Дегенмен, олар жауынгерлік даярлық пен спортта тұрақты жақсы нәтижелер көрсетуде.