Жапония туристерге отырып тамақ жеуге кеңес беруде
Жапония үкіметі тамақты тұрып жеген туристердің денсаулығына алаңдап отыр
Өйткені тез дайындалатын, базарда сатылатын тағамдардың денсаулыққа зияны зор, өйткені адам көп жүретін жерде тамақ қуыру өте қауіпті.
Базар әкімшілігі қабырғаларға хабарландырулар іліп, туристерге тұрып тамақ жемеу керектігін айтуда. Десе де билік бұған тыйым сала алмайтындығын әрі кез келген азамат қалауына қарай тамақтана алатындығын айтады.
Ал туристер болса, үкіметтің бұл мәлімдемесін жылы қабылдай қоймады. Өйткені жапон мәдениетін сезіну үшін оның тағамынан да дәм тату керектігін айтып жатыр.