Өрт сөндірушілер 91 жастағы тыл ардагерін құттықтап қайтты
Құтқарушылар төртінші қабатқа автобаспалдақпен көтеріліп, тыл ардагері Марья Аникинаның пәтеріне кіріп, Жеңіс мерекесімен құттықтады
Өскемен қаласының Төтенше жағдайлар басқармасының қызметкерлері 91 жастағы тыл ардагеріне жиі келіп тұрады. Түрлі көмектерін ұсынады.
Марья Аникина 13 жасынан бастап еңбек еткен, Сталинград шайқасы кезінде балық зауытында жұмыс істеп, кешкісін пионер жетекшісі курсында білім алған.
- Өмір сүру қиын еді. Аштан өлген, дәрмені жетпей көз жұмғандар көп болды, - деп еске алады тыл ардагері.
Ал соғыстан кейін өрт қауіпсіздігі саласында қызмет еткен екен. Сондықтан да ардагер әріптесін құттықтауға құтқарушылар да арнайы келді.
- Маған бұлай гүл берген ешкім жоқ! - деп сезімімен бөлісті ардагер.