Қытай полицейлері кірпіні тонауға әрекет жасады деп айыптады
Қытайдың Сюаньчэн қаласының полициясы қылмыс үстінде кірпіні ұстады, ол полиция учаскесінен шие жидектерін сыртқа шығармақ болған
Полиция қызметкерлері кірпі өзіне жеке меншікті алып алуға тырысты деп әзілдеді, деп хабарлайды МИР24. Ол жерде шашылған шие жидектерімен рахаттанып жатқан кезде, бірнеше жидектер оның инесіне шаншылып қалған.
Осы жидектермен ол "қылмыс орнын" тастап кетуге тырысты.
Кірпі жидектерді алып полицейлерден қашпақ болған. Ал полицейлер оны ұстамақ болғанда "ұры" жидектерді жеп, айғақтың көзін жоймақ болған.
"Ұрлық" бейнеленген видео тез арада кең таралып, 140 миллион қаралым жинаған.