Жаһандық жылынуға қарсы "қолшатыр" қолданбақ
Ғаламшарды жаһандық жылынудан қорғау үшін ғалымдар Жерді "қолшатырмен" қорғау туралы ұсыныс білдірді
Жоба авторларының айтуынша, осылайша ғаламшардағы орташа температураны 0,3 градус Цельсийге дейін 30 жыл бойы сақтап тұруға болады, деп жазды МИР24.
Жоба бойынша энергоклиматтық кешен ұсынылады. Оның басты элементі күн желкенді ғарыш кемесі болуы керек. Бұндай кешен атмосфераның термореттелуін қамтамасыз етеді.
Бұндай кеме радиусы 220 км, салмағы – 800 мың тонна. Оның негізгі қызметі – Жерге түсетін күн сәулесін сіңіру және оның түсу қарқынын өзгерту.
Жоба бірнеше бесжылдықтардан кейін жүзеге асырылады. Бұл шамамен, 2070 жылы.