Австралияда қаңғыбас мысықтардың көзі жойылуда
Австралияда үкімет бағдарламасы бойынша 2020 жылға қарай 2 миллион қаңғыбас жануарлар жойылуы тиіс
Мысықтар XVII ғасырда материк аумағына жеткізілді. Олар бүкіл экожүйеге қауіп төндіріп, Австралияға тез тарады. Мысықтар сүтқоректілердің 20-ға жуық түрін, соның ішінде Австралияда ғана мекендейтін бірегей түрлерін жоюға кінәлі деп саналады.
Әрбір штат мысықтарды өз айласымен жоймақ: Батыс Австралияда ұшақтардан уланған шұжықтар лақтырылса, Квинсленде жануардың мәйіті үшін $7 марапат тағайындалды.
Бұл ретте жабайы мысықтар проблемасы жасыл континентке ғана тән емес. Жаңа Зеландияда да олардың популяциясын төмендетуге тырысуда.