Жаңа Зеландияда жартылай автомат қару қолдануға тыйым салынды
Жаңа Зеландия парламенті елде жартылай автомат қару және шабуыл винтовкаларын қолдануға тыйым салатын заң жобасын қабылдады
Заңды қабылдауға дауыс беру кезінде өкілдер палатасының 119 мүшесі қолдау білдірсе, тек біреуі ғана қарсы болған, деп жазады МИР24 сайты.
Тыйымнан өзге, жаңа заңға сәйкес осындай қаруы барлар қыркүйек айының соңына дейін қаруды полицияға өткізуі керек. Бұл дәл осы қару түрлерін сатумен айналысатын дүкендерге де қатысты.
Ал полицияға өткізген қаруі үшін иесі өтемақы алатын болады.
Бұл заңды қабылдауға наурыз айының ортасында Крайсчерчттегі мешітте орын алған атыс себеп. Онда шабуыл осындай жартылай автоматты қарудан жасалып, 50 адам көз жұмған.