Өскемен
Қалың бұлтты
-34°
  • Өскемен
    -34°
  • Семей
    -24°
  • Алматы
    -3°
  • Риддер
    -23°
  • Астана
    -21°
  • Ақтөбе
    -11°
  • Ақтау
    +4°
  • Атырау
  • Қарағанды
    -18°
  • Көкшетау
    -22°
  • Қостанай
    -17°
  • Қызылорда
    -1°
  • Павлодар
    -30°
  • Петропавловск
    -23°
  • Тараз
  • Түркістан
    +8°
  • Орал
    -13°
  • Шымкент
    +12°
$
496.85
-0.48
585.54
-1.16
¥
72.23
+0.24
6.49
+0.01
ҚР Ұлттық банк курстары

Егер бір оқиғаның куәсі болсаңыз, құқығыңыз бұзылса немесе қандайда бір мәселені көтергіңіз келсе, бізге хабарласыңыз

Өскемен мен ШҚО Өскемен мен ШҚО Олеся Краскова
Ақпарат көзі:
Устинка

Лихарев ескерткіші неге қара түске боялды?

Қала билігі тұрғындардың мүсінді қалпына келтіру жұмыстарына қатысты шағымдарына жауап берді

Өскемен қаласының халқы облыс орталығының негізін қалаған майор Иван Лихаревтің ескерткіші қап-қара болып қалғанына наразылық білдіруде.

Коммуналды қызметтер қазіргі таңда қаладағы абаттандыру нысандарын жаңарту жұмыстарын жүргізуде. Осыған орай, Горький-Чехов көшелері қиылысындағы Лихаревке арналған мүсінді де жаңарту көзделген. Алайда мүсіннің қазіргі түсі халыққа ұнай қойған жоқ.

- Қола мүсінді неге қара түске бояған? - дейді түкке түсінбеген қалалықтар.

Анықталғандай бұл мүсін толықтай жаңартылып үлгермеген. Ал қара түс – бұл тегістеу үшін боялған түс екен.

- Мүсінді жөндеу жұмыстары жалғасуда, - деп түсіндірді Өскемен қаласының әкімдігі. - Мүсін алғашында қандай түсте болса, сол түске боялады. Сондықтан наразылық орынсыз.

Следующая →