Солтүстік Кореяда шаңғы курорты салынбақ
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын Яндок уезінде ыстық бастау маңында салынып жатқан туристік курортын жұмысымен танысып қайтты
Құрылыспен танысу барысында Солтүстік Корея басшысы бұл маңда халық үшін шаңғы курортын салуды ұсынды. Мұнда қыста қар қалың жауады әрі биік таулар көп. Құрылыс жұмыстарын жеделдетіп, келер қысқа дейін салып бітіруге тапсырма берілді.
Қазіргі уақытта Солтүстік Кореяда 2013 жылы салынған Масикрен шаңғы курорты ғана бар. Ол Пхеньяннан 180 шақырым жерде жатыр.