Қазақстаннан бір чемодан тасбақа алып кетпек болған
Тасбақаны Ресейге алып өтпек болған
ҚР Ұлттық Қауіпсіздік Комитеті хабарлағандай, Қостанай облысының шекарашылары Челябинскі қаласында қарай баратын жолдан көлігіне тасбақа салып алған 1995 жылы туған қазақстандық азаматты ұстаған.
Контрабанданың жалпы құны 1 млн 300 мың теңге. Тасбақалар Қарабалық ауданының ветеринарларына берілді.