Италияда "Әйелдер аралы" сатылады
Сицилия жағалауынан 300 метр алыста жатқан Изола-делле-Феммине аралына қойылған баға 1,1 млн еуро
Аралдың бастапқы бағасы 3,5 млн еуро болған, алайда оны сатып алушылар болмаған соң, құны біраз төмендетілген, деп хабарлайды МИР24 сайты.
Аралдың ортасына XVII ғасырда салынып жартылай құлаған ғимарат қана тұр. Арал өте әдемі әрі бірде-бір тіршілік иесі жоқ.
Бұған дейін аралға келіп демалушылар мен дайвинг жасаушылар көп болған.