ШҚО құтқарушылары тасқынға қарсы шараларды күшейтуде
Аймақтың құтқарушылары әуеге көтеріліп, қар мен мұздың қалыңдығын зерттеп тексеруде
Қазіргі уақытта Алтай мен Катонқарағай аудандары зерттеліп болды. Комиссияның құрамында ШҚО әкімінің орынбасары Шалқар Байбеков, ШҚО ТЖД басшысы Нұрлан Мадьяров, "Қазгидромет" маманы Александр Дюкорев, Алтай және Катонқарағай аудандарының әкімдері болды.
- Үлбі, кіші Үлбі, Бұқтырма, Тұрғұсын өзендерінің мұзын өлшедік. Жағдай тұрақты. Таудың кей бөктерлерінде қар тұрып қалған екен, - дейді ШҚО ТЖД басшысы Нұрлан Мадьяров.
Ал сәуірдің 1 күні Бұқтырма өзені мен Сенное елді мекені маңында мұз жару жұмыстары жүргізіледі.