Ұлыбритания ағзаға зиян тағамдарды жарнамалауға тыйым салмақ
Ағылшын шенеуніктері адам денсаулығына зиян тағамдарды теледидар мен ғаламторда жарнамалауға тыйым салуды ойлап отыр
Құрамында тұзы мен қанты, майы көп азық-түліктерге тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды МИР24. Соның өзінде кешкі сағат 21.00-ге дейін жарнама қоюға болмайды.
Қазір балалар телеарнасында фаст-фуд тағамдарын жарнамалауға ғана тыйым салынған. Алайда балалардың көбі ересектер көретін телебағдарламаларды тамашалайтын болып шықты.
Ал ғалымдар зиянды тағамдардың семіздікке душар ететіндігін айтып отыр. Ал семіздіктің соңы әртүрлі ауруларға әкеп соғады.