Австралияда егеуқұйрықтар қаптап кетті
Австралияда егеуқұйрықтар көбейіп кетті, әсіресе, ел астанасы Сиднейде кеміргіштердің басқыншылығы басталды
Мұның соңы табиғи апатқа соқтыруы мүмкін, деп хабарлайды МИР24.
Мамандар бір ғана Сидней қаласының өзінде 900 млн егеуқұйрық бар деп есептеп отыр. Бұл дегеніміз қаланың бір тұрғынына 200 кеміргіштен келеді деген сөз.
Енді жер астында жүретін егеуқұйрықтар көшеге шығып, елдің мазасын ала бастады. Кеміргіштердің сыртқа шығуына құрылыстың көбейі себеп болуда. Одан бөлек, қазір құрлықта да жаз ыстық. Ыстыққа шыдай алмаған жер асты "тұрғындары" далаға шыға бастады.