Қазақстан Boeing 737 MAX ұшағының ұшуына уақытша тыйым салды
"Boeing 737 MAX" ұшағына тыйым салған елдердің саны бесеуге жетті
Бүгін бұл лайнерлерді ұшырудан Австралия мен Сингапур бас тартты, деп хабарлайды Қазақстан Ұлттық телеарнасы.
Ал, осыған дейін Қытай, Индонезия және Эфиопия оларды сапарға аттандырмау туралы шешім қабылдаған еді.
АҚШ олардың ұшуын тоқтатпағанымен, "Boeing" компаниясынан бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңартуын талап етті. Бұдан өзге, жекелеген елдердің әуе компаниялары да "Boeing 737 MAX"-тың рейстерін тоқтатқан. Ал, елімізде осы лайнерді қолданатын авиациялық компанияларға персоналға қосымша тренингтер өткізу тапсырылды.