Ресейде ойынқұмарлар тізімі жасалмақ
Ресей букмекерлік конторлары мен тотализаторларын ойынқұмар азаматтардың бірегей тізімін жасауға міндеттеуі мүмкін
Ресей Қаржы министрлігі жаңа заң жобасын ұсынды, деп жазды Новости РАА сайты.
Заң жобасына сәйкес, өздерін ойынқұмар деп мойындаған азаматтар мар ойын ұйымдастырушыларына өздерін ойынға қатыстыруға тыйым салу туралы өтініш білдіре алады.
Осындай өтінішті ойынқұмарлардың қамқоршылары да жасай алады.
Сонымен қатар, ойынқұмарлар құжаттарға букмекерлер қабылдай алатын төлем мөлшерін өздері таңдай алады.
- Өтініштер негізінде нарық қатысушылары ойынға тәуелділігі бар жеке тұлғалар тізімін қалыптастыра алады. Ал бұл тізімнен алып тастау туралы өтініш үш жылдан кейін бірақ қабылданады, - деп мәлімдеді Қаржы министрлігі.