Қытайда гені өзгертілген бала туылды
Қытай ғалымы Хэ Цзянькуй ДНК генін өзгерту арқылы ғылыми эксперимент жасаған
Жасаған экспериментінің нәтижесінде егіз бала дүниеге келген. Тағы бір әйелдің аяғы ауыр, оның да баласының гені өзгертілген.
Алайда Қытай заңнамасында туылмаған баланың генін өзгертуге тыйым салынған.
- Ғалымдар мемлекеттік бақылаудан қашып, адам эмбрионын өзгерту технологияның қауіпті түрін қолданып тәжірибе жасаған. Бұл заңға қайшы әрекет, - дейді қытай зерттеушілері.
Хэ Цзянькуй бұл экспремент жайлы былтыр қараша айында ғана мәлім еткен еді. Сол кезде ғалымның әріптестері тәжірибені сынға алып, кейін мемлекеттік тексеріс басталған болатын.