АҚШ әуе диспетчерлері еңбекақысыз қалды
Еңбекақысыз қалған авиадиспетчерлер, тіпті, оны сот арқылы да өндіріп ала алмай отыр
Еңбекақысын ала алмай арызданған авиадиспетчерлерге сот жалақыны тек Конгресс қана бере алатындығы жөнінде қаулы шығарып берген. Алайда АҚШ Конгресі қазір бюджет мәселесімен мүлдем айналысып отырған жоқ.
Ал диспетчерлердің еңбекақысыз қалуы жолаушылардың өміріне қауіп төндіруі мүмкін.
Қазір АҚШ-та саяси ахуал күшейіп, елдің 2019 жылға арналған бюджеті бекітілмей қалған еді. Конгресс мүшелері екі лагерьге бөлініп, бірі Мексика мен АҚШ арасында қорған салу керектігін айтса, енді бірі бұған қарсы шығып, бюджет бекітілмей қалған. Содан бері қазір АҚШ-та мемлекеттік мекемелердің кейбірі ақшасыз қалып отыр.