Айда алғаш рет биологиялық эксперимент жасалды
Айдың көлеңке келбетіне аттандырылған Қытайдың "Чанъэ-4" ғарыш аппараты мақта дәнін егіп, тәжірибе жасады
Мақта – Айға алға рет отырғызылған өсімдік екен. Ал биологиялық тәжірибе сәтті аяқталған, яғни, мақтаныі дәнегі аздап өсе бастаған.
- Егілген өсімдіктің өскіндері шыға бастағаны суреттен анық көрініп тұр, - дейді Қытайдың Орталық арнасы.
Ал Қытай Аэроғарыш ғылымы мен техника корпорациясының хабарлауынша, ғарыш аппараты алдағы уақытта картоп, рапс, ақшешек, саңырауқұлақ егіп көрмек. Ал ғарышқа жіберілген өсімдіктердің барлығы арнайы сұрыптаудан өткен.
Тақырыптар:
Первый биологический эксперимент на Луне Космический аппарат "Чанъэ-4" Китайская космическая программа