Өскеменде бала жоғалып кетті
Полицейлер Өскеменде жоғалып кеткен 13 жастағы жасөспірімді іздеп жатыр
Қалалық полиция бөліміне 14 қаңтар күні түнде 2005 жылы туған Артем Александрович Григорьевтің жоғалып кеткені туралы арыз түскен.
Ұлдың анасы түсіндіргендей, бала үйден күндіз шығып кеткен, содан қайтып оралмаған. Қайда жүргені де белгісіз.
- Жасөспірімді іздеу үшін полиция құрамы, іздеу тобы құрылды, - дейді Өскемен ПБ баспасөз қызметі.
Егер Артем Григорьевтің қайда екенін білетін жандар болса, 102 арнасына хабарласуға болады.