Антарктидада екі американдық қаза болды
Антарктидадағы Мак-Мердо американдық стансасының екі қызметкері белгісіз себептен көз жұмды
Ер адамдар нысандардың өрт қауіпсіздігін қорғауға жауапты болған, деп хабарлайды МИР24.
Өрт сөндіру жүйелері қызметіне жүргізілген профилактикалық жұмыстардан кейін екі қызметкер де стансадан қайтпай қалған. Ал олардың артынанкеткен ұшақ пилоты ғимараттардың бірінде ес-түссіз жатқан қызметкерлерін тапқан.
- Техникалық қызметкерлер көлікке келісілген уақытта қайтып оралмағаннан кейін, пилот тексеруге шыққан, - деп атап өтті АҚШ Ұлттық ғылыми қоры.
Қызметкерлердің бірі стансада мерт болса, екіншісі емханаға жеткенде көз жұмған.
Оқиғаның мән-жайы анықталу үстінде.