Қауіпсіз жасанды шыршаны қалай таңдауға болады?
Өскемен қалалық төтенше жағдайлар басқармасының мамандары қала тұрғындары жасанды шыршаларды сатып алып, орнату кезінде қандай қағидаларды ұстануы керектігін айтты
Жаңа жылды қарсы алу қарбаласы кезінде жағымсыз оқиғаларға тап болмас үшін белгілі бір қауіпсіздік шараларын сақтау қажет.
- Жасанды шыршаларды таңдаған кезде оттан қорғау құрамы сіңірілген үлгілерге басымдылық берген жөн, - деді Өскемен қалалық ТЖБ баспасөз хатшысы Марина Лискова. - Шыршаға шам мен бенгаль шырақтарын ілуге болмайды. Мақтадан жасалған "қар" мен қағаз ойыншықтар ілінген болса, тіптен қауіпті. Сонымен қатар, шыршаны жиһаз бен жылыту құрылғыларынан, кемінде, бір метр қашық орнату керек. Бірақ кіре беріс орындар мен эвакуация жолдарынан алшақ тұруы шарт.