ШҚО-да емханалар да жедел медициналық көмек көрсетуге жұмылдырылмақ
Жақын арада облыс аумағындағы емханалардың барлығында жедел жәрдем қызметін көрсететін орталықтар ашылмақ
ШҚО Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Ілияс Мұхамеджанның айтуынша, емханаларды да жедел медициналық көмек көрсетуге бейімдеу халыққа қызмет көрсетуді жеделдету үшін жасалып отыр.
- ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің бұйырығына сәйкес, былтыр жедел жәрдем қызметіне түскен шақырулар төрт категорияға топтастыру қолға алына бастаған еді. Шұғыл көмек қажет науқастар бірінші топқа жатқызылса, жағдайы тәуір, бірақ ауруханаға жатқызу керек науқастар төртінші топқа қалдырылған еді. Төртінші топтағы науқастарға жедел жәрдем бір сағаттың ішінде келеді. Осы науқастарға медициналық көмек көрсетілетін арнайы орталықтар, әзірше, екі қалалық ауруханада ғана ашылды. Алдағы уақытта облыс ауруханаларының барлығында ашылатын болады, - дейді Ілияс Мұхамеджан.