Ресейде заңсыз кесіліп жатқан ормандардың тағдыры алаңдатып отыр
Greenpeace ұйымының Ресейдегі бөлімшесі 40 млн гектар орманның заңсыз кесілгенін айтып отыр
- Көбінесе, 1960 жылдары ұжымшар мен кеңшарларға берілген орман қорының ағаштары кесіледі. Бұл орман аумағының иесі жоқ болғандықтан, қалай болса, солай кесіліп жатыр. Елде 40 млн гектарға жуық орман аумағы қараусыз жатыр. Ал азаматтар ертең бұл аумақты ауыл шаруашылық жеріне айналдырамыз деп, заңсыз отарлай бастауы мүмкін, - дейді Greenpeace орман бөлімінің басшысы Алексей Ярошенко.
Оның үстіне, Сібір, Смоленск облысы, Солтүстік Ресей мен Мәскеу өзенінің басындағы көне ағаштардың барлығы кесіліп жатыр. Ал аталған территорияларда ағаш кесуге мүлдем тыйым салынған. Бұл аумақтан ауыл шаруашылық жерлерін дайындау мүмкін емес. Өйткені егін егетін жердің өзі тап-тұйнақтай таза болуы керек.
Әсіресе, тайга ормандарын жойып алмау – аса маңызды. Сондықтан мамандар ормандарды заңсыз отауды тоқтату үшін заң жобасын қабылдауды талап етіп отыр.