Қазақстандық азамат Омбы қаласы әкімдігінің ғимаратын өртеп жібере жаздады
Мэр ғимаратына кіруге рұқсат ала алмаған азамат әкімдіктің кірер есігіне от қойып кеткен
Оқиға кеше кешке таман болған, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Белгісіз біреу мэрия ғимаратына бас-көз жоқ басып кірмек болған. Алайда мэрия қызметкерлері оны ішкі кіргізбей қойған. Бұған ашуланған азамат ғимараттың есігіне сұйықтық шашып, от қойып, қашып кеткен.
Ғимараттың ішінде адамдар болғандықтан, өртті қызметкерлердің өздері өшіруге кіріскен. Оқиғадан зардап шегушілер жоқ.
Есікті өртемек болған азаматтың кім екені бірден анықталды, өйткені оқиға орнында ол құжатын тастап кеткен екен. Ол – Қазақстан азаматы болып шыққан. Тергеу кезінде азамат Ресейдің ішкі саясатына назары екендігін, сондықтан ғимаратқа басып кірмекші болғанын айтқан.