АҚШ-та екі жасөспірім ұшақты айдап кеткен
14 және 15 жастағы екі мектеп оқушысы Дженсендегі аэродромның жеке аймағына еніп, бір моторлы ұшақты айдап кеткен
Олар ұшқыш аппараттың моторын іске қосып, көкке көтерілген. Жергілікті БАҚ мәліметтеріне сүйенсек, олар 24 шақырымға ұшып барып, Вернал Риджин қаласының әуежайына сәтті қонған.
Қазіргі уақытта олар тәртіп сақшыларының қолына түсіп, Верналдағы тергеу изоляторына жеткізілді. Тәртіп сақшылары жағдайдың мән-жайын анықтауда.